Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатына қатыспайды. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Будапештте (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына алдын ала құрамды жариялады. Онда Сметовтың қалпына келу кезеңінде екені және Олимпиададан кейін басты турнирге қатыспайтыны айтылған.
«Титулы көп спортшы қазіргі уақытын сауығу мен өзін дамытуға арнауды жөн көрді. Сонымен қатар, ол 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты жоққа шығармайды», – делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.