Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр

Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр. Былтырғы тасқыннан қалып қойған көлшіктерде балық көбейіп, күн жылынғалы сол қырылып жатыр.

Тасжолдардың жиегінде қалған суда да шабақ өте көп. Жергілікті әкімдік пен Балық шаруашылығы инспекциясы балықтарды құтқару жұмыстарын былтырдан бері тоқтатпаған.

Тірісін Жайыққа жіберіп, қырылғанын арнайы орындарда жойып жатыр.

«Жыл басынан бері көлшіктер мен тоғандардан 9 миллионнан аса шабақ құтқарылды», — дейді жауаптылар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *