Түркістанда ветеринарлар мен су мамандарына құрмет көрсетілді — 85 қызметтік көлік табысталды

Түркістан облысында 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні мен 10 шілде – Ветеринариялық қызметкерлер күні кәсіби мерекелеріне орай кең көлемде іс-шара ұйымдастырылды. Аймақта еңбек етіп жүрген сала мамандарының еңбегі еленіп, бірқатарына марапаттар мен қызметтік көліктер табысталды, — деп хабарлайды Buginnews.kz сайты.


85 жаңа көлік – ветеринария саласына

Салтанатты жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне 85 жаңа қызметтік көліктің кілтін табыстап, олардың ел денсаулығын қорғаудағы маңызын ерекше атап өтті.

«Ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз – бүгінгі күннің шындығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырып, індеттердің алдын алуда сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз», – деді облыс әкімі.


Су тапшылығын шешуге жүйелі жұмыс жүріп жатыр

Нұралхан Көшеров өз сөзінде өңірдегі су тапшылығын шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Биыл 46 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіліп, нәтижесінде ағын су 1,5-2 есеге үнемделіп, өнімділік 2,5-3 есеге артқан.

Сондай-ақ, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынуда. Ислам даму банкі қаржысын тарту арқылы 25 су қойма, 269 канал мен 1 су реттегіш күрделі жөндеуден өтпек.


Марапаттар мен алғыстар

Салтанатты жиында бірқатар үздік маманға:

  • ҚР Президентінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені,

  • «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі,

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығының үздігі» марапаттары,

  • Түркістан облысы әкімдігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.

🎶 Шара мерекелік концертпен жалғасты.


Анықтама:

  • Түркістан облысы – агроөнеркәсіптік кешен бойынша Қазақстанда алдыңғы қатарда.

  • Облыс жылына 1 трлн теңгеден астам ауылшаруашылық өнімін өндіреді.

  • Су нысандарының тозу деңгейін 76%-дан 50%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *