«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін алған Түркістандықтар кімдер?

ТҮРКІСТАН. Су шаруашылығы саласындағы кәсіби мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салада еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Президенттің қолынан марапат алу – сала үздіктерінің еңбегіне берілген жоғары баға.

Атап айтқанда, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының 5 қызметкері су шаруашылығын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі мен мемлекеттік наградаларға ие болды. Олар:

  • Жолдасбеков Бақтияр Өтепбайұлы – Жетісай өндірістік бөлімшесінің учаске басшысы;

  • Сарыбасов Құттыбай Көбейұлы – Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы;

  • Жолдас Ғабит Талғатұлы – бөлім басшысы;

  • Көбеев Ерлан Құттыбайұлы – инженер-гидротехник;

  • Жаймұрза Әбдіхалық Нұрмаханұлы – су шаруашылығы саласының ардагері.

Марапатталған мамандардың барлығы – ұзақ жылдар бойы аймақтың су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық жүйелерді жақсарту және суармалы егіншілікті дамыту бағытында аянбай еңбек етіп келе жатқан сала майталмандары.

Бұл марапаттар тек жекелеген қызметкерлерге емес, тұтас саланың маңыздылығына және су ресурстарын басқарудағы кәсіби шеберлікке берілген баға ретінде қабылданады.


📌 Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *