Құқық бұзушылық пен суицид: Келес ауданында қандай шешімдер қабылданды?

 

Түркістан облысының Келес ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Даурен Сариев төрағалық етті. Ол балалар арасындағы құқық бұзушылық, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу мәселелерін ерекше назарға алып, нақты шаралар қабылдау қажеттігін қадап айтты, — деп хабарлайды buginnews.kz ақпараттық порталы.

Отырыста полиция майоры Эльмира Есенқұлова ауылдық округтердегі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы «Абай» аудандық ауруханасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Назира Бердібекқызы баяндап, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен психологиялық қиындықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Білім саласы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Насыр Сманов мектептерде психологтардың қатысуымен жүзеге асқан қолдау шараларының нәтижесімен бөлісті.

Комиссия отырысында ұсыныстар айтылып, ортақ пікірлер ортаға салынды. Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған жұмысты жандандыру міндеттелді.

📎 Материал Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп әзірленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *