ҚАҺАРЛЫ ҚАРУЛЫ ӘСКЕР — ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Ел тарихында Мемлекет басшысы бірінші рет түгелге жуық Мемлекеттік тілде сөйледі!

Бүгінгі Қазақстанның Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери шеру керемет дүрілдеп өтті.

Отанымыздың бес қаруы сақадай сай сарбаздар сапы мен қаһарлы қару-жарақ техникаларын көріп, қайрат жинап, қуат алдық! 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ел тарихындағы Ұлы Жеңістің зор маңызын атап көрсетіп, тарихымызды тереңнен тартып, Алтын Орда мен Қазақ хандығынан толғап, қаһармандарымыздың аттарын атап, бахадүр бабаларымыздың әруағын тербеп сөйлеген сөзі елге рух берді.

 

Ел тарихында Қазақ мемлекетінің басшысы мемлекеттік салтанатты ресми жиында бірінші рет түгелге жуық Мемлекеттік тілде сөйледі!

Бұл — Жеңіс күнгі ел қуанған ерекше сәтті — Қазақ тілінің де Жеңісті жолының басы болғай деп жақсылыққа жорыдық.

Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын атап өткен мемлекет басшысы:

– Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз,– деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *