ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Сенаттағы брифинг барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына қатысты пікір білдірді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,71 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл – айтарлықтай ірі сома. Сонымен қатар, Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 9,6 пайызға артып, 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Ал Қырғызстаннан Қазақстанға әкелінген тауар көлемі 9 ай ішінде 4,08 млн АҚШ долларын құрады, – деді сенатор.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда қатынастары жылдан-жылға нығайып келеді. Бұған қосымша, саяси тұрғыдан алғанда да Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстар тұрақты, өзара тиімді және маңызды сипатқа ие.
Айта кетейік, бұған дейін Cенат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициядық келісімді мақұлдағаны жайлы жазған едік.