Түркістанда өткен тарихи қойылым көрерменге не ұсынды?

ТҮРКІСТАН. Қаладағы «Керуен сарай» туристік кешенінде жаңа ерекше тарихи қойылым – Томирис ханшайымның батырлығына арналған театрландырылған шоу көпшілікке жол тартты. Көрерменге тың эмоция сыйлаған туынды ежелгі Сақ дәуірінің рухын сахнаға әкеліп, рухани әсерге бөледі.

Бұған дейін «Қыз Жібек пен Төлеген» қойылымымен танылған шығармашылық топ бұл жолы да көрермен көңілінен шыға білді. Жаңа қойылымда әсерлі су хореографиясы, этномузыка, тарихи костюмдер мен декорациялар, жарық пен пиротехникалық шоу шебер үйлесім тапқан. Драмалық сахналар мен көркем образдар арқылы Томирис бейнесі шынайы сомдалып, ұлттық рух пен батырлықты сезіндірді.

Тарих пен өнер үйлескен бұл туынды Түркістанға келген қонақтар мен қала тұрғындары үшін жаңа мәдени серпіліс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *